Редакционная политика
Журнал саясаты
Журнал ақпараттық ашықтық пен жарияланымдардың қолжетімділік саясатын ұстанады, авторлардың мақалалары журналдың веб-сайтында үш тілде толық мәтінде қолжетімді.
«Legalitas» ғылыми журналы Қазақстан мен шетел ғалымдарына арналған, олар заң ғылымын дамыту бағыттарын зерттеуде.
Журналда заң ғылымының ең өзекті мәселелері, құқық саласындағы ғылыми зерттеу нәтижелері талқыланатын мақалалар жарияланады.
Журналдың мақсаты:
Ғылыми зерттеулер нәтижелерін, құқық саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, заң ғылымының болашақтағы және қазіргі бағыттарына назар аудару, ғылыми қауымдастық арасында пікір алмасу.
Журналдың міндеттері:
- Оригинал ғылыми зерттеу жұмыстарының, теориялық және эксперименттік зерттеулердің нәтижелерін қамтитын мақалалар мен шолуларды жариялау, құқық ғылымының жекелеген бағыттарының қазіргі жағдайын көрсету;
- Қазақстандық және шетелдік зерттеушілер арасында құқық ғылымының әртүрлі мәселелері бойынша пікір алмасу;
- Қазақстандық ғалымдардың ғылыми жетістіктерін отандық және халықаралық ғылыми қауымдастықта насихаттау;
- Жас ғылыми кадрларды ашу және насихаттау;
- Алдыңғы қатарлы ғылыми зерттеулерді ақпараттық қолдау және прогрессивті ғылыми идеяларды насихаттау;
- Шетелдік жетекші ғалымдар мен практиктерді жариялауға, рецензиялауға тарту.
Журналдың тақырыптық бағыты:
Журнал материалдары заң ғылымының кең ауқымды өзекті мәселелерін, Қазақстан мен халықаралық құқық саласындағы барлық бағыттарды қамтиды.
Публикациялау шарттары:
«Legalitas» ғылыми журналы жылына 4 рет шығады.
Журналға жариялануға бұрын жарияланбаған мақалалар қабылданады. Мақала қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде жазылып, журналдың тақырыптық бағыттарына сәйкес және талаптарға сәйкес рәсімделуі тиіс.
Мақала авторы (авторлық ұжымнан корреспонденцияға жауапты тұлға) мақаласын келесі номердің шығуына бір ай қалғанда редакцияға ұсынуы қажет.
Автор(лар) бұрын басқа басылымдарда жарияланбаған түпнұсқа жұмыстарын ұсынуға міндетті. Авторлар зерттеу нәтижелерінің шынайылығы мен жаңашылдығы үшін жауап береді. Редакция мен рецензенттер мақаланы қарау барысында немесе жарияланғаннан кейін оны басқа басылымдарға ұсынбауға міндетті.
Рецензиялау түрі:
Барлық мақалалар міндетті түрде «жасырын» рецензиялаудан өтеді.
Жауапты редактор мақаланың журналдың профиліне сәйкестігін, талаптарға сай келетінін тексеріп, оны рецензиялау үшін тақырыпқа сәйкес ғылыми дәреже мен тәжірибесі бар маманға жібереді.
«Екі жақты жасырын» рецензиялау әдісі қолданылады: автор рецензенттің деректерін білмейді, және керісінше. Автор рецензияны рецензенттің аты-жөні, лауазымы, жұмыс орны көрсетілмеген түрде алады.
Заңсыз көшіру және плагиат:
«Legalitas» редакциясы мақаланы рәсімдеу талаптарына сәйкес тексерумен қатар, плагиатқа тексеруді де жүргізеді.
Тек түпнұсқа мақалалар немесе тексеру нәтижелері бойынша плагиаттың деңгейі 60%-дан төмен емес жұмыстар рецензиялауға жіберіледі. Егер мақала журналдың талаптарына сәйкес келмесе және плагиатқа тексеру нәтижесінде түпнұсқалық деңгейі төмен болса, мақала авторға қайтарылып, қажетті өзгерістер енгізіліп, қайта жіберіледі.
Ашық қолжетімділік саясаты:
«Legalitas» ғылыми журналы өзінің контентіне ашық қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Бұл журналға әлемдік ғылыми қауымдастықтың кең көлемде қол жеткізуіне мүмкіндік береді.
Журналдың веб-сайтында авторлар мен оқырмандарға қажетті ақпарат берілген: жариялау шарттары, мақаланы рәсімдеу және ұсыну ережелері, журналды қалыптастыру және рецензиялау ережелері, жариялау этикасы, редакциялық құрам, жауапты редактор мен техникалық редактордың байланыс деректері.
Конфиденциальдылық шарттары:
«Legalitas» редакциялық құрамының мүшелері мақаланы жарияламай тұрып, рецензенттерге ғана жарияланым туралы ақпарат береді. Рецензенттің деректері авторға және басқа тұлғаларға жарияланбайды.
Журналдағы барлық қатысушылардың, яғни авторлар, редакция мүшелері, рецензенттер және баспагерлердің мінез-құлық нормалары мен стандарттары Alikhan Bokeikhan University ғылыми журналдарының жариялау этикасына негізделген.