Мәслихат депутаттарының қызметін оңтайландыру және азаматтық қоғамды жетілдіру мәселелері
Кілт сөздер:
жергілікті өзін-өзі басқару, жергілікті өкілдік орган, жергілікті атқарушы орган, мәслихат, тұрғын халық, азаматтық қоғам.Аңдатпа
Мақалада жергілікті басқарудағы жергілікті өкілді органдармен жергілікті атқарушы органдарының құқықтық мәртебелеріне қатысты өзекті мәселелер қарастырылған. Жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдірудің шетелдік және ұлттық тұжырымдамалары қарастырылған. Жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысты ҚР Конституциясына, ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңына өзгерістер енгізуге ұсыныстар жасалған. Жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдірудің дамыған елдердің халықаралық тәжірибелері зерделенді. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын жетілдіруге ұсыныстар жасалған. Жергілікті өкілдік органдар өз өкілеттіктерін жүзеге асыру барысында тәуелсіздік пен бейтараптықты қамтамасыз ету жолдары қарастырылған. Жергілікті басқаруды жүзеге асыру барысында азаматтық қоғамның олқылықтары қарастырылып және оны жетілдірудің тетіктері талданды. Жергілікті өкілдік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың құқықтық мәртебелері мен қызметтеріне қатысты ара жігін ажыратуға байланысты ұсыныстар қарастырылды.