Қазақстандағы конституциялық реформа аясында конституциялық бақылауды қалыптастыру мәселесі
Кілт сөздер:
Конституция, конституциялық реформа, Конституциялық Кеңес, Конституциялық Сот, конституциялық бақылау.Аңдатпа
Конституциялық бақылау институты демократиялық мемлекеттің қажетті тетігі болып табылады. Ол Конституция үстемдігі мен қорғалуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформалардың арқасында құрылған Конституциялық Сот жаңа мәртебе мен өкілеттіктерге, міндеттерге ие болып отыр. Бұларды жүзеге асыруда аталған органның тиімділігін арттыру үшін бірнеше өкілеттіктерін жетілдіру қажет. Соның ішінде азаматтардың құқықтарын қорғаудағы объективті конституциялық позициялар мен түсіндірмелердің болуы шарт. Сол сияқты аталған органға жүгіну құқықтары берілген субъектілердің қатарына саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерге құқық беру конституциялық бақылаудың негізгі міндеттері мен мәнінің толық ашылуына мүмкіндік береді. Зерттеу барысында Конституциялық Соттың осы негізгі бағыттарын қалыптастыруда маңызды болатын тетіктер мен өкілеттіктердің қажеттілігі көрсетіліп отыр. Бұл конституциялық реформа барысында конституциялық бақылауға жаңа серпін береді деген ойдамыз.