Цифрлық трансформация дәуіріндегі медициналық қызметтер: телемедицинаның құқықтық аспектілері
Аңдатпа
Андатпа: денсаулық сақтау саласына ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар енгізілген сәттен бастап денсаулық сақтау қызметтеріне сұраныс артып, денсаулық сақтау жүйесі дамып келеді. «Денсаулық сақтаудағы дербес деректер қауіпсіздігінің құқықтық аспектілері» ғылыми жұмысы денсаулық сақтау жүйесіндегі дербес деректердің, әсіресе пациенттердің медициналық деректерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық негіздерін зерттеуге арналған. Бұл зерттеу жеке деректерді қорғаудың ұлттық және халықаралық құқықтық нормаларын талдайды, сонымен қатар оларды денсаулық сақтау жүйесінде қолдану ерекшеліктерін анықтайды. Сонымен қатар, медициналық деректермен жұмыс істеу кезінде құпиялылық пен ақпараттық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері қарастырылады. Сондай-ақ, денсаулық сақтау ұйымдары мен осы саладағы мамандардың міндеттері пациенттердің жеке деректерін сақтауға және оларды заңсыз пайдаланудан қорғауға жауапты екендігі баса айтылған. Бұл мақалада медицина саласындағы дербес деректердің қауіпсіздігі мәселелері бойынша халықаралық-құқықтық тәжірибе мен ұлттық заңнаманың өзара байланысы, сондай-ақ цифрлық технологиялардың дамуы жағдайында дербес деректерді қорғаудың заманауи әдістері талданады. Зерттеу нәтижелері бойынша денсаулық сақтау жүйесінде дербес деректердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірленеді.