Қазақстан Республикасындағы органикалық өнімдерді таңбалау жүйесінің дамуын заңнамалық қамтамасыз етудің сұрақтары

Авторлар

  • Ерлан Айтқазин Автор

Аңдатпа

Аннотация. Ғылыми мақалада еліміздегі органикалық өнімдерді таңбалау қызметін реттейтін заңнамаға шолу жасалынып, отандық экологиялық сертификаттау және таңбалау жүйесінің дамуын заңнамалық қамтамасыз етілуіне баға берілген. Қазақстанда экологиялық таңбалау белгілерін қолданудың перспективалары мен маңыздылығы талқыланады.

Зерттеудің мақсаты еліміздегі органикалық өнімдерді таңбалау қызметін реттейтін заңнамаға шолу жасау, оның іс жүзінде қолданылуына баға беру, сонымен қатар, жалпы отандық экологиялық сертификаттау және таңбалау жүйесінің дамуын заңнамалық қамтамасыз ету мүмкіндіктеріне талдау жасау болып табылады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігін авторлар отандық органикалық өнімдерді таңбалау жүйесінің іс жүзінде жұмыс істеуінен көреді. Тиісінше, таңбалау жүйесінің толыққанды жұмыс істеуі жолындағы құқықтық мәселелер зерттеліп, заңнаманы жетілдіру мүмкіндіктері қарастырылған.

Зерттеу әдістемесі заңнама мен заң әдебиеттеріне шолуды көздейді, ғалымдар мен сарапшылардың пікірлерін талдауды қамтиды, олардың негізінде авторлармен ұсыныстар беріледі. Талқыланып жатқан жаңа заң жобасын ескере отырып аталған жүйенің елімізде дамуына байланысты болжамдар жасалынған.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-10

Журналдың саны

Бөлім

Статьи