Медицина қызметкерлерінің еңбек қызметіндегі мотивация тұжырымдамасы: құқықтық талдау
Аңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасындағы медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметіндегі мотивация тұжырымдамасына құқықтық талдау жасалынған. Төмен мотивацияны авторлар денсаулық сақтау жүйесіндегі жұмыс күші мен көші-қонға, әсіресе ауылдық жерлерге ықпал ететіп отырған негізгі мәселе ретінде атайды.
Авторлар бәсекеге қабілетті жалақы, бонустар мен жеңілдіктер секілді экономикалық ынталандыруларды ғана емес, сонымен қатар кәсіби даму мүмкіндіктері, қоғамдық тану және басқарудың қолдау әдістері секілді маңызды ақшалай емес факторларды қамтитын мотивацияға жан-жақты көзқарас қажет екенін атап көрсетеді. Мақалада медицина қызметкерлерінің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін реттейтін тиісті құқықтық база қарастырылады, Еңбек кодексінің, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің және оған тәуелді нормативтік құқықтық актілердің негізгі ережелері талданады.
Мақалада ауылдық жәрдемақыларға қатысты соттың нақты шешіміне сілтеме жасай отырып, медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғаудағы сот жүйесінің рөлі көрсетілген. Талдау жұмыс берушілердің ынталандырушы жұмыс ортасын құру және әділ өтемақыны қамтамасыз ету жөніндегі заңнамалық бекітілген міндеттемелерінің маңыздылығын көрсетеді.