Әскери қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз етуді құқықтық реттеу

Авторлар

  • Наргиз Ибрагимова Turan-Astana University 1Astana, Kazakhstan Автор

Аңдатпа

Әр бір азаматтың тұрғын үйге деген құқығы Қазақстан Республикасының Конституциясымен бекітілген және ол ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ерекше рөлін ескере отырып әскери қызметшілерге де қолданылады. Бұл санаттағы азаматтар тұрғын үй құқықтарын жүзеге асыруда ерекше көзқарасты  талап етеді, себебі олардың қызметінің ерекшеліктері, оның ішінде қызмет орнының жиі ауысуы, тұрғылықты жерді таңдаудағы шектеулер және еңбек жағдайларының өзгешелігі ескерілуі қажет.

Мақалада Қазақстан Республикасындағы әскери қызметшілердің тұрғын үймен қамтамасыз етудің құқықтық реттелуі қарастырылады, соның ішінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заң, сондай-ақ заңға тәуелді актілер мен мемлекеттік қолдау бағдарламалары талданады. Әскери қызметшілердің тұрғын үй құқықтарын жүзеге асырудың негізгі түрлері зерттеледі, олар: қызметтік тұрғын үй беру, тұрғын үй бағдарламаларына қатысу және жинақтық-ипотекалық жүйе механизмдері.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-10

Журналдың саны

Бөлім

Статьи