Журнал туралы
Жалпы мәліметтер
Мерзімді басылым - "Legalitas" ғылыми журналы
Журналдың құрылтайшысы және баспагері: "Alikhan Bokeikhan University" ББМ.
Журнал 2024 жылдан бастап шығарылады.
Есепке қою туралы куәлік (№ KZ22VPY00092850, 17.05.2024 ж.), Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
"Legalitas" ғылыми журналы ғылымиметрлік базаға РҒСИ-ға (Ресейлік ғылыми сілтемелеу индексіне) 2024 ж. 6 қарашасынан № 196-11/2024 шарт бойынша тіркелді.
Париждегі Халықаралық орталықта берілген нөмір ІSSN 3007-6978 (online)
Журналдың әзірленген және бекітілген мұқабасы мен титулдық беттері бар, онда редакциялық алқаның құрамы, редакциялық саясат, жарияланым этикасы және веб-сайт көрсетілген.
Журналдың мақсаты: ғылыми зерттеулердің нәтижелерін, құқық саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, заң ғылымының перспективті және өзекті бағыттарына назар аудару, ғылыми қоғамдастық арасында пікір алмасу.
Журналдың міндеттері:
- заң ғылымының жекелеген бағыттарының қазіргі жай-күйін жарықтандыратын бірегей ғылыми-зерттеу жұмыстарының, теориялық және эксперименттік зерттеулердің нәтижелерін көрсететін мақалалар, шолулар жариялау;
- қазақстандық және шетелдік зерттеушілер арасында заң ғылымдарының түрлі мәселелері бойынша пікір алмасу;
- отандық және әлемдік ғылыми қоғамдастықта қазақстандық ғалымдардың ғылыми жетістіктерін насихаттау;
- жас ғылыми кадрларды ашу және ілгерілету;
- басым ғылыми зерттеулерді ақпараттық қолдау, прогрессивті ғылыми идеяларды насихаттау;
- жетекші шетелдік ғалымдар мен практиктердің жұмыстарына өзара іс-қимыл жасау және оларды жариялауға, рецензиялауға тарту.
Журналдың тақырыптық бағыты: журнал материалдары заң ғылымының, қазақстандық және халықаралық құқықтанудың барлық салаларының өзекті мәселелерінің кең ауқымын көрсетеді.