Қазақстан Республикасындағы су заңнамасын жетілдіру сұрақтары
Кілт сөздер:
су ресурстары, су заңнамасы, суды пайдалану, суды үнемдеу, су кодексі, су ресурстарын басқару, климаттың өзгеруі, трансшекаралық сулар.Аңдатпа
Мақалада еліміздің қолданыстағы су ресурстарын басқару қызметін реттейтін заңнамасына шолу жасалынып, қалыптасқан жағдайға баға берілген, Қазақстанның қазіргі даму кезеңіндегі су заңнамасын реформалаудың өзектілігі талқыланады. Мақала авторларының пікірінше бүгінгі таңда су ресурстарын пайдалану және қорғау саласындағы қатынастарды құқықтық реттеудегі мәселелерді шешуде жаңа көзқарастардың қажеттілігі байқалады. Мұндай қажеттілік бірінші кезекте мемлекетте туындап отырған экологиялық және экономикалық мәселелер жағдайындағы жаңа сын-қатерлерден келетін қауіптің артуымен байланысты.
Ғылыми мақалада қойылып отырған мақсат еліміздің қолданыстағы су ресурстарын басқару қызметін реттейтін заңнамасына шолу жасау, қалыптасқан жағдайға баға беру, сонымен қатар Қазақстанның қазіргі даму кезеңінде су заңнамасын реформалау әрекеттері мен мүмкіндіктеріне талдау жасау болып табылады.
Авторлар саланы реттейтін жаңа кодекстің қабылдануы, стратегиялық құжаттардың қайта қаралуы және саланы дамытудағы мемлекеттік саясаттың жаңа бетбұрысы бүгінгі күннің қажеттілігі және өзекті деген түйінге келеді.