Қазақстанның қылмыстық заңнамасын цифрлық қылмыстарға бейімдеу
Аңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын цифрлық қылмыстардың көбеюіне байланысты мәселелерге бейімдеу қарастырылған. Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы хакерлік шабуылдар, жеке бас мәліметтерін ұрлау, кибершабуылдар және зиянды бағдарламалардың таралуы сияқты киберқылмыстардың көбеюіне әкелді. Соған қарамастан, Қазақстандағы қолданыстағы құқықтық нормалар бұл саланы жеткілікті түрде тиімді реттемейді. Мақалада қолданыстағы қылмыстық заңнаманы талдап, оның олқылықтарын анықтап, оны жақсарту шараларын ұсынды. Авторлар цифрлық қылмысқа қарсы күрестің халықаралық тәжірибесін зерттеп және киберқауіптерге қарсы күрестің тиімділігін арттыру және цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін осы тәжірибелерді ұлттық заңнамаға біріктіру жолдарын ұсынады.