ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СОТ ТӘЖІРИБЕСІНДЕГІ САЛЫҚ ОРГАНДАРЫНЫҢ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІНЕ ДАУ АЙТУ МЫСАЛЫНДАҒЫ ЖАРИЯ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ДАУДЫҢ МӘНІ
Кілт сөздер:
салық органы, жария-құқықтық дау, әкімшілік әділет, ұйғарым, дау айту, салықтық тексеру, әкімшілік актАңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасындағы салықтық құқықтық қатынастардан туындайтын жария-құқықтық дауларды реттеудің әкімшілік-құқықтық аспектілері зерттеледі. Салық дауының құқықтық сипаты жанжалдың бір түрі ретінде ашылды, оларды шешу әдістеріне назар аударылды.
Салық органдарының әкімшілік актілеріне шағымдану ерекшелігін, дәлелдеу ауыртпалығын, тараптардың теңдігін және әкімшілік сот ісін жүргізу қағидаттарын қоса алғанда, салық дауларының іс жүргізу және институционалдық ерекшеліктері қаралады. Сондай – ақ нормативтік базаға, әкімшілік рәсімдік-процестік заңнаманың (ҚР ӘРПК) ережелеріне, сот тәжірибесіне және доктриналық дереккөздерге талдау жүргізілді. ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік сот тәжірибесінің мәселелері салықтық тексерулерді тағайындау туралы ұйғарымдарға дау айту тақырыбында ерекше құқықтық назарға лайық деп пікір туындады. Зерттеу нәтижелері бойынша әкімшілік әділет жүйесінің дербес элементі ретінде салықтық әкімшілік сот ісін жүргізу тәжірибесіне егжей-тегжейлі жүгіну қажеттілігі туралы қорытынды жасалды.